Халықаралық Red dot Design Awards байқауының қорытындысы бойынша Kia-ның бірден үш моделі дизайн әлеміндегі ең беделділердің бірі саналатын марапаттарға ие болды. Құзіретті қазылар алқасы жаңа Stinger фастбегін, өте шағын қалалық Picanto хэтчбегін және шағын Stonic1 кроссоверін өз категориялары бойынша жеңімпаздар деп атады. Сонымен қатар Kia Stinger жаңаша дизайны «Үздіктердің үздігі» атағына ие болды.
Kia-ның 2018 жылғы үш жеңісі Red Dot Awards байқауындағы бренд табысы тарихының жалғасы болды: 2009 жылы алғаш рет беделді марапатқа Soul сәнді қалалық кроссовері ие болған кезден бастап, Kia Motors-тың әртүрлі модельдері 21 рет жеңімпаз атанып отыр. Kia-ның 2018 жылғы Red Dot Awards байқауындағы триумфы – осы үш модель ақпан айының ортасында лауреат атанған If Design Awards өнеркәсіптік дизайн саласындағы тағы бір беделді халықаралық сыйлықта брендтің үштік жетістігін қайталауы болды.
«Жаһандық дизайнерлер ұжымының осы үш жеңісті мақтан етулеріне барлық негіз бар. Ол Kia-ның жоғары сапалы дизайнды, дизайнерлік өнердің шынайы туындыларын жасауға деген шынайы ұмтылысын растайды. Мұны ең жоғары санаттағы және ең жоғары деңгейдегі кәсіпқойлардан тұратын халықаралық қазылар алқасы тағы да мойындады», – деп түсіндірді Red Dot Awards-2018 байқауындағы жеңісін Kia Motors Corporation президенті және бас дизайнері Петер Шрайер (Peter Schreyer). – «Үздіктердің үздігі» деген марапат біздің модельге төртінші рет беріліп отыр, бұл шын мәнінде керемет нәтиже. Gran Turismo автокөліктерінің классикалық стилінің заманауи интерпретациясын көрсететін Kia Stinger – Kia дизайнының жоғары стандарттарының тағы бір керемет дәлелі».
Kia Stinger спорттық фастбегі Майндағы Франкфуртте орналасқан Kia еуропалық дизайн орталығында құрылды. Бұл модельде Gran Turismo стиліндегі классикалық дизайн және интерьердің заманауи кеңдігі мен талғампаздығы керемет үйлесім тапты. 1970 жылдардағы аңызға айналған «гран-турерлерге» негізделген дәстүрлерді мұра ете отырып, Stinger фастбектің талғампаз пропорцияларына ие, оның бүйірлерінің дизайнында «Coca-Cola бөтелкесі» стиліндегі бедерлі «аймақ» сызықтары байқалады, бұл артқы ось жетегіне апаратын автокөліктерге тән сипатты көрсетеді, тіпті, егер ол толық жетек жүйесімен жабдықталған болса да.
Шағын модельдің үшінші буыны
Kia Picanto
«А» сегментінің қалалық хэтчбектер санатына жастар үлгісін және жігерлілік сипат әкелді. Автокөлік бәсекелестердің жаңа айқын дизайнымен және салонды әрлеудің жоғары сапасымен тиімді ерекшеленеді, ол заманауи жоғары технологиялық опциялармен тамаша жабдықтауды ұсынады. Бұл модель үшін дербестендірудің мол мүмкіндіктері қарастырылған. Мұқият ойластырылған дизайн жаңа Picanto-ны шағын өлшемдеріне қарамастан өз сегментіндегі ең кең автокөліктердің біріне айналдырады.
Франкфуртте әзірленген Stonic «В» сегментінің алғашқы Kia шағын кроссовері тек Батыс Еуропа мен Корея нарықтарына бағытталған, ол жүргізушіге жоғары және ыңғайлы отыру мен кроссоверлерге тән қолайлылықты ұсына отырып, әсерлі, батыл дизайнымен ерекшеленеді. Stonic үшін Kia маркасының бүкіл тарихындағы дербестендірудің кең мүмкіндіктері қарастырылған. Клиенттің шанақты екі түсті бояудың көптеген нұсқаларынан және интерьерді әрлеу түстерінің әртүрлі нұсқаларынан таңдау мүмкіндігі бар.
Red Dot Awards: 59 елден 6 300 аса байқау жұмыстары
1955 жылы Солтүстік Рейн-Вестфалияның Дизайн орталығы құрған Red Dot Awards байқауы әлемдегі ең беделді кәсіби дизайн байқауларының бірі мәртебесіне ие болды. Оның қазылар алқасына әлемнің түкпір-түкпірінен 40 тәуелсіз дизайн сарапшылары, дизайн оқытушылары және коммерциялық баспасөз өкілдері кіреді. Red Dot Awards марапаты үш негізгі санатта беріледі: «Тауар дизайны», «Коммуникативті дизайн» және «Дизайн тұжырымдамалары». Бағалау критерийлері, атап айтқанда, инновация дәрежесі, дизайн сапасы, функционалдылық және экологиялық қауіпсіздік болып табылады. 2018 жылы 59 елдің компаниясы 6 300 астам байқау жұмысын ұсынды.
Kia-ның ақпараттық желісі
Сату бөлімінің жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21:00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Сервис орталығының жұмыс кестесі:
Дс-Жм 09:00-21: 00
Сб-Жс және мереке күндері 09:00-19:00
Эл.пошта мекенжайы
Официальный дилерский центр Kia – Allur на Майлина ведет деятельность на территории PК в соответствии с законодательством РК. Реализуемые товары доступны к получению на территории РК. Мониторинг потребительского поведения субъектов, находящихся за пределами РК, не ведется. Информация о соответствующих моделях и комплектациях и их наличии, ценах, возможных выгодах и условиях приобретения доступна у дилеров Кia в РК. Товар сертифицирован. Не является публичной офертой.
© 2024 ТОО «Allur Motor Qazaqstan»